DAZN стримингтік сервисі супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 KO) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Канелоның" келесі қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де бар. Бұл боксшылар бұған дейін екі мәрте кездескен. Тарқатып айтсақ, 2017 жылы қыркүйекте өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті.
DAZN басшыларының пікірінше, бұл екі боксшы арасындағы айқын жеңімпаз әлі белгілі емес.
"Головкиннің де, "Канелоның" да карьерасы аяқталуға жақын. Қазақстандық боксшы 39 жаста. Сондықтан Альвареспен өтетін кездесуде қомақты ақша жасап қалуға мүмкіндік бар. Плантты жеңгеннен кейін Сауль бокс тарихында өзінің атын алтын әріппен қалдырғысы келетінін айтты. Бұл екі боксшы үшін де жақсы мүмкіндік", - деп жазады стримингтік сервис.
Айта кетейік, Альварес ақырғы кездесуінен кейін Головкинмен үшінші мәрте кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған қазақстандық боксшының командасы да келісім берді.
Еске салайық, Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында Жапония жерінде WBA Super белбеуінің иегері Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы өткізеді.