Скиппер "Канелоға" келісімшартта көрсетілген 365 миллион долларға өткізілетін 11 кездесу аясында үш жекпе-жек пакетін ұсынды. Біріншісін Альварес 2 мамыр Лас-Вегаста екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) өткізуі тиіс.
Кейін 12 қыркүйекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас-Вегас немесе Техастағы AT&T Stadium стадионында өтуі ықтимал. Ақпарат бойынша бұл GGG-дің көңілінен шығып тұр.
Ал үшіншісі, егер "Канело" Головкинмен жекпе-жектен аман-есен шықса желтоқсанда өтеді. Осылайша, мексикалыққа орта дивизионда WBA "регуляр" чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесу ұсынылды.
Айта кетейік, Скиппер мен "Канело" арасындағы келіссөз Golden Boy промоутерлерінің қатысуынсыз өткен. Мексикалық боксшы мен промоутер Оскар Де Ла Хоя арасындағы қатынас әлі де суық.