Бокс
10 мамыр 2021 16:22

"DAZN жақсы ұсыныс жасауы керек". Головкиннің промоутері "Канеломен" абсолют чемпион атағы үшін болатын кездесуді ұйымдастыру туралы

Сурет: boxingscene.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің ойынша екінші орта салмақ бойынша WBC, WBA және WBO титулдарының иегері  мексиалық Сауль "Канело" Альвареске (56-1-2, 38 КО) осы салмақ дәрежесендегі IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) келісу қиын болмауы керек.

Бұл туралы Хирн "Канелоның" WBO титулының иегері британдық Билли Джо Сондерсті (30-1, 14 КО) мерзімінен бұрын жеңген кездесуінен кейін болған баспасөз мәслихатында айтты. 

"Альвареспен екі жекпе-жекке келісім болған. Бұл баға жетпес тәжірибе болды. Меніңше біз бірге өте жақсы жұмыс істедік. Ары қарай қарым-қатынасымызды ұзаққа соза аламыз деп үміттенемін.

Калеб Плантпен кездесу ұйымдастыру қиын емес. Бұл "Канелоның" телеарналармен бірлесіп жұмыс істемей-ақ, еркін жүру туралы шешімінің кереметтегі болар еді. Сондықтан бұл жекпе-жекті ұйымдастыруда саясат та, басқа да жоқ. Сондерспен кездесудің DAZN-дағы сандары өте қомақты болды. DAZN Плантпен кездесуге жақсы ұсыныс жасау керек, жасайды да. Fox арнасы да үлкен ұсыныс жасайды. Алайда "Канело" өзі қалаған жерде, өзі қалаған кездесуді өткізуге ерікті. 

Меніңше, бұл айтарлықтай қарапайым процесс. Оны уақыт созбай іске қосу керек деп ойлаймын. "Канелоның" жағдайында ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын" - деді Хирн. Айта кетейік, Хирн орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) де бірге жұмыс істейді.

Осының алдында "Канелоның" өзі, егер Головкин салмақ дәрежесін көтерсе, онымен үшінші кездесу өткізуге дайын екенін айтқан болатын.