Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы DAZN ұсынысына келісімін берді. Бұл туралы америкалық The Athletic басылымының инсайдері Лэнс Пагмайр хабарлады.
"The Athletic растап отыр. DAZN жақында Головкиннен күзде "Канеломен" өтетін жекпе-жекке дайындығын сұрады, Головкин дайын және байланыста болатынын мәлімдеді", - деп хабарлайды инсайдер.