DAZN Головкин мен "Канело" жекпе-жектерінің уақытын белгіледі

Сурет: boxingjunkie.com

DAZN стриминг қызметі 2020 жылды дүркіретіп аяқтамақ,- деп хабарлайды vRINGe.com.

Инсайдерлердің мәліметінше, желтоқсан айына келесідей жекпе-жектер жоспарланған:

18 желтоқсан: орта салмақта IBF титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында;

19 желтоқсан: екінші орта дивизионда WBA (Super) белбеуі сарапқа салынатын британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) айқасы;

26 желтоқсан: жеңіл салмақта WBC тұжырымынша "уақытша" чемпион атағы үшін британиялық Люк Кэмпбелл (20-3, 16 КО) мен америкалық Райан Гарсия (20-0, 17 КО) кездесуі өтеді.

Әзірге тек Смит - Альварес кездесуі ғана ресми бекітілді.