DAZN Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жекті жарнамалауға кірісті

"Канело" Альварес және Геннадий Головкин. Сурет: reviewjournal.com
DAZN стриминг қызметі қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті жарнамалай бастаған сыңайлы.

Платформаның "Твиттердегі" ресми парақшасында был Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жектің коллажы орналастырылып, оның тұсына қазақстандықтың: "Мен мұны қалаймын. Ол да қалайды. Бәрі көргісі келеді" деген сөздері жазылған. Ал соңғы суретте "Трилогия?" сөз тұр.




Сонымен бірге, DAZN Головкин мен "Канело" көрсеткен триллерді еске алуды ұсынды. "Трилогияның ұшы көрінеді?", - делінген твитте.




Кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, бұрын жеңілмеген канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірді.

Жеңістен кейін қазақастандық рингте тұрып, "Канелоны" жекпе-жекке шақырды және қыркүйекке дайын екенін жеткізді. 

Головкин-Роллс жекпе-жегінде Қазақстанның гимні жанды дауыста орындалды
Метки: