Бокс
13 қараша 2019 09:54

"DAZN-дегі ең табысты жекпе-жек" рекорд орнатты

© iSport.ua
Кәсіпқой бокста алғаш жұдырықтасқан белгілі YouTube блогерлер KSI (Оладжиде Олатунджи) мен Логан Пол жекпе-жегі PPV (ақылы жазылу) жүйесі бойынша Британияда ең өтімді жыл оқиғасы болды. Сонымен бірге, ол DAZN стриминг платформасында рекорд орнатты. Бұл туралы кездесуді ұйымдастырған промоутер Эдии Хирн Sirius XM's Fight Nation арнасына берген сұхбатында айтты.

"Олардың алғашқы жекпе-жегінен 1,2 миллион PPV сатылды, ал мынау айтарлықтай жақсы жаңғырды. Ол жердегі сомма басыңа сыймайды", - дейді ол нақты санды атамай.  

Оның сөзінше, KSI мен Пол кездесуі жалпылай таралымы Энтони Джошуа және Энди Руис жекпе-жегін қайда артта қалдырған. Ал ютуберлер жекпе-жегі екі есе төмен бағада сатылған.

"Бұл жігіттердің көрермендері қандай екенін білмейсіздер. Олар боксты жаңа деңгейге көтерді, бұл спорт жаңа аумақтар, әлеуметтік топтар мен нарықтарға жетті", - дейді Хирн. 

"Канело" мен Головкин түсінде де көрген емес". DAZN-дегі ең табысты жекпе-жек соммасы айтылды