Бокс
22 қазан 2019 10:27

DAZN басшылығы "Канело" мен Головкин жекпе-жегі өтетін уақытты атады

© DAZN
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және WBC (Franchise) мен WBA (Super) титулдарына ие Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) 2020 жылы үшінші жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз бастайды. Бұл туралы DAZN компаниясының вице-президенті Джо Марковски хабарлады.

"Біз байланыстамыз, "Канело" мен Головкин арасында бітпеген істер қалған сияқты. Жанкүйерлер де үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Олардың екі жекпе-жегінің қорытындысы бойынша дау көп. Осылайша, біз үшінші жекпе-жек өткенін қалаймыз және "Канело" бұл туралы біледі. Бұл жоспарды іске асыру онымен қатынасымыздың негізгі бөлігі.

"Канело" Ковалевті қандайда бір қиындықсыз жеңетін болса, біз отырып, 2020 жылғы жоспарымызды талқылаймыз", - дейді Марковски The Sun басылымына берген сұхбатында.