Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек туралы ресми түрде алдағы күні жария етіледі,- деп хабарлайды Ringpolska.
Жекпе-жек 18 желтоқсан Техас немесе Флорида штатында өтеді. Boxinginsider.com ақпаратынша, бұл штаттарда бокс кештерін көрерменмен өткізуге рұқсат етілген екен.
Ендігіде DAZN стриминг қызметі Головкинмен қаржылық мәселелерді шешу ғана қалды, осыдан кейін жекпе-жек туралы ресми хабарланады. Бұл кездесуде IBF титулы сарапқа салынады.