Дайындық басталды. Головкин жаттығу лагерінен сурет жариялады

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жаттығу лагерінде түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Instagram желісіндегі аккаунтында боксшы бапкері Джонатан Бэнкс пен белгілі ресейлік хоккеиші Илья Ковальчукпен бірге түскен суретті жариялаған. 

"Лагердегі өмір", - деп жазыпты GGG фотосурет астына.

Мұның алдында, Головкин мен Ковальчук Big Bear лагерінде өткізіп жатқан жаттығуларының видеосы мен суретін жариялаған.

Әзірге Головкиннің рингке оралатын нақты уақыты белгісіз, алайда, келесі қарсыласы польшалық Камил Шеремета екені белгілі.