"Дайын болыңдар". Головкин промоутері "Канеломен" үшінші жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

© fightnews.ru
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері британиялық Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшының келесі қарсыласы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сергей Деревянченкомен реванш өткізудің қажеті жоқ. Геннадий жұрт көргісі келетін жекпе-жектерге қатысуды қалайды. Залда Деметриус Андраде отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар да өз кезегін күтеді. Халық Деревянченкомен реваншты көргісі келсе де, Головкиннің қалайтыны - "Канеломен" жекпе-жек. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуі секілді жақсы өтеді. Бұл кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деді Хирн.

Айта кетейік, Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте Деревянченконы төрешілер шеміміен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы реванш сұраған, GGG оған келісімін берген еді.

Ал "Канеломен" Головкин Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу тең аяқталса, бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.