Ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында германиялық Хуссейн Мухамедпен (17-0, 14 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
Он раундтық айқас 5 қараша Оберхаус қаласында өтеді және кештің басты айқастарының бірі болады.
- Жекпе-жекке дайындықтан ләззәт аламын. Жаттығу мен айқасты күту сезімінен. Әдеттегідей, даурықпай, барып істі бітіреміз де, кері қайтамыз.
- Дайындықта өзгеріс бар ма?
- Жоқ, Минсткте жаттықтым. Әдеттегідей, ештеңе өзгерткен жоқпын.
- Бұл рейтингті жекпе-жек па?
- Жоқ, титулды. Кейінгі айқасымда жеңіп алған WBC International белбеуі үшін.
Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық мамыр айында өткен кейінгі айқасында франциялық Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңіп, бос тұрған белбеуді иеленген.