Даулы шешім. Финалда тағы бір қазақ боксшы өзбектен жеңілді

©Видеодан скрин

Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс финалда өзбекстандық қарсыласпен айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz

75 келі салмақта Нұрқанат Райыс өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен үш раунд жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті өзбек боксшыға берді. 

Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар арасында тек Асыланбек Шымбергенов пен Санжар Тәшкенбай ғана Азия чемпионы атанды. Ал Дулат Бекбауов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Сабырхан Махмұт финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport