Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов (17-0, 15 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 17 қазанда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпаратынша, "Дәу өзбек" лақап атты Баходир 17 қазанда Лондонда (Ұлыбритания) өтетін Даниэль Дюбуа - Фабио Уордли 2 бокс кешінде өнер көрсетеді. Жалоловтың қарсыласы британиялық боксшы Соломон Дакрес (10-1, 3 КО) болады.
Жалоловтың (Top Rank) және Дакрестің (Queensberry) командалары жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгені хабарланды.
NEWS: Per source involved, a deal has been agreed to for Top Rank heavyweight Bakhodir Jalolov and Queensberry's Solomon Dacres to fight in the #DuboisWardley2 co-feature Oct. 17 at The O2 in London. #boxing
— Dan Rafael (@DanRafael1) September 17, 2026
32 жастағы Жалолов кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрген жоқ. Өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 17 жеңіске жетіп, оның он бесін нокаутпен аяқтаған. Жалолов соңғы рет 9 мамырда Манчестерде рингке шықты. Сол жекпе-жекте ол хорватиялық Агрон Смакичиді (21-4, 19 КО) нокаутпен жеңді.
Әуесқой бокста да Жалоловтың жетістіктері аз емес. Өзбекстандық боксшы 2020 және 2024 жылдары екі рет Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар 2019 және 2023 жылдары әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Жарнама