Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін жағдайы нашарлаған. Бұл туралы бірнеше мәлімет көзі хабарлап отыр.
Мәселен белгілі инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, Айдосты Хеннепин округінің медициналық орталығына дәрігерлік тексеру жасау үшін алып кеткен. Боксшы ауруханаға миына қан кеткен соң медикаментозды жағдайда жеткізілген.
Алайда ауруханада Ербосынұлының жағдайына қатысты еш ақпарат бермей отыр.
TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасының өкілдері қазақстандық боксшының жағдайына қатысты пікір білдірді.
"TGB Promotions мен PBC өкілдері Миннеаполисте Айдостың командасының қасында. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Жеке өміріне деген құрметке байланысты ол туралы мән-жайды айта алмаймыз, алайда, бокс сүйер қауымды ол үшін дұға етуін сұраймыз", - делінген PBC және TGB Promotions біріге жасаған мәлімдемеде.
Бокс кешінің телетрансляторы болған Showtime арнасы келесідей мәлімдеме жасады: "Ербосынұлының жағдайын бақылап отырмыз, қазіргі таңда біз ойша онымен және жақындарымен біргеміз".
Промоутерлер ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының болашағына қатысты мәлімдеме жасады