auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр Елеусіновтің IBO белбеуі үшін кездесудегі жаңа қарсыласы анықталды

Данияр Елеусіновтің IBO белбеуі үшін кездесудегі жаңа қарсыласы анықталды
©instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Данияр Елеусіновтің жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін кездесудегі жаңа қарсыласының есімі белгілі болды. 

Vesti.kz порталына боксшының менеджері Зия Алиевтің берген мәліметі бойынша, 30 жастағы қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 28 жастағы аргентиналық Хуан Эрнан Леал болады. 

Бұл кездесу 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған айқас Елеусінов үшін кәсіпқой бокста Қазақстанда өткізетін бірінші кездесуі болады. Одан бөлек, отандасымыз толыққанды әлем чемпионы атағына да бірінші мәрте таласады. 

Аргентиналық Эрнан Леал болса кәсіпқой бокста он кездесуде жеңіске жеткен. Ол екінші мәрте шет елде жекпе-жек өткізейін деп жатыр. Бір жыл бұрын аргентиналық боксшы Бразилия жерінде Фернандо Луиш Пинтоға қарсы WBO Latino белбеуіне таласып, үстем түскен. 

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингі бойынша Эрнан Леао 15-орында тұр. 2021 жылы Леал Argentina (FAB) белбеуі үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіс тойын тойлаған. Енді ол әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. 

Жалпы аргентианлық боксшы Данияр үшін қауіпті ме? Ол осы уақытқа дейін 16 айқас өткізіп, бір рет қана ұтылған. Оның өзін ұпаймен жеңілген. Дегенмен ол 15 жеңісінен тек төртеуінде ғана қарсыласын нокаутқа түсірген. 

28 жастағы Леал дәл қазір әлемдік рейтингте 84-орында болса, 30 жастағы Елеусінов 32-сатыға жайғасқан. Дегенмен де екі боксшы осы уақытқа дейін 12 раундтық кездесу өткізбеген. Аргентиналық үш кездесуде 10 раунд жұдырықтасса, отандасымыз бір рет қана сегіз раунд өнер көрсеткен.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтетін бокс кешінде 13 кездесу болады. Елеусіновтің алдында шаршы алаңға аса ауыр салмақта сынға түсетін отандасымыз Иван Дычко шығады. Оның қарсыласы ресейлік Александр Устинов. 

Сонымен қатар, осы шоуда тұңғыш рет 55,3 келі салмақта Ержан Залилов пен Ескендір Харсан арасындағы Қазақстан чемпионы белбеуі сарапқа салынады. Дәурен Елеусінов болса әзірбайжандық Али Мамедовпен жұдырықтасады. Одан бөлек, Жанқош Тұраров та жанкүйерлерге өз өнерін паш етеді. Бірақ оның қарсыласы әлі белгілі болмады. 

18 желтоқсан күні Ангелина Лукас кәсіпқой бокста дебютін жасайды. Ол украиналық боксшы Алена Гурьевамен жолығады. 

Жекпе-жек кешінің андеркартында 28 жастағы Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) 34 жастағы ганалық Анама Доцемен (18-4, 17КО), 32 жастағы Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО) 25 жастағы ресейлік Шохрух Абдиевпен (9-2-1, 3КО), 27 жастағы Николай Шваб  (7-0, 3КО) 35 жастағы ганалық Натаниэль Нукпемен (13-8-1, 13КО), ал Сапарбай Айдаров (5-0, 2 КО) 24 жастағы украиналық Всеволод Слипченокмен (4-2, 1КО) қолғап түйістірсе, Асхат Жантұрсынов (5-0, 4 КО), Айдар Әмірзақов (0-1) және Ақниет Әлібайдың (дебют) қарсыластары енді анықталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама