Данияр Елеусіновке жаңа атақ берілді

24 желтоқсан 2021 10:40
©Matchroom Boxing

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында боксшыға лента мен төсбелгі табыс етті.

Данияр Елеусінов - Батыс Қазақстанның тумасы. 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы - Оралға жиі келетін қонақ. Оның Олимпиададағы жеңісіне орай Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылған. Онда жүздеген батысқазақстандық спортшы шеберлігін шыңдайды.

 

"Данияр Елеусінов - өскелең ұрпақ үшін үлгі. Оны БҚО Құрметті азаматы атағымен құттықтап, жаңа жетістіктер тілеймін", - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Данияр Елеусінов қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Өте қуаныштымын. Оралдағы чемпионат жақсы ұйымдастырылған, болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар өте көп. Құрметті азамат атағы - жерлестерімнің маған көрсеткен құрметі. Оларға рақмет. Жақында тағы бір жекпе-жек өткіздім, 12 раундта жеңуге тура келді", - деді ол.
Еске салайық, жақында Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жекте Данияр аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңіп, IBO бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport