Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) Дана Уайттың промоушенімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы All Stars Boxing әлеуметтік желіде хабарлады.
"Данияр Елеусінов - Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы", - делінген All Stars Boxing хабарламасында.
Еске салайық, бокс суперинвесторы Турки Әл аш-Шейх TKO Boxing, атты элиталы лига құратынын жариялаған, оған бұл бағытта UFC президенті Дана Уайт көмектеседі.
Жарнама