Данияр Елеусінов пен Хуан Эрнан Леао жекпе-жегіне тікелей трансляция

18 желтоқсан 2021 10:35
©Matchroom Boxing

Бүгін, 18 желтоқсанда елордада кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында болатын кештің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуіне айқасады.

Jekpe-jek спорт сарайындағы бокс шоуында Елеусіновтің туған ағасы Дәурен Елеусінов (9-1-1, 8 КО) те шаршы алаңдағы кезекті кездесуін өткізетіндігін айта кеткен жөн. Оның қарсыласы әзірбайжандық Әли Маммадов (13-4, 3 КО) болмақ.

Сонымен қатар, астанадағы бокс кешінде Ангелина Лукас, Жанқош Тұраров және Иван Дычко сынды танымал спортшылар да сынға түспек. Тартысты жекпе-жектер 18:30 басталып, негізгі айқастарды Хабар арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Елхан Табынбаев (Қазақстан, 2-0, 2 КО) — Эльмар Абдуллаев (Әзірбайжан, дебют)

Ақниет Әлімбай (Қазақстан, дебют) — Зайнобиддин Собиров (Өзбекстан, дебют)

Айдар Әмірзақов (Қазақстан, 0-1) — Дилшодбек Исроилов (Өзбекстан, дебют)

Ангелина Лукас (Қазақстан, дебют) — Светлана Василевская (Украина, дебют)

Асхат Жантұрсынов (Қазақстан, 5-0, 4 КО) — Сурат Гараев (Әзірбайжан, дебют)

Сапарбай Айдаров (Қазақстан, 5-0, 2 КО) — Андрей Шеметов (Украина, 6-1-1, 4 КО)

Айдар Шәрібаев (Қазақстан, 8-1, 7 КО) — Шохрух Абдиев (Ресей, 9-2-1, 3 КО)

Дәулет Дәукенов (Қазақстан, 9-2, 4 КО) — Елдорбек Саидов (Өзбекстан, 5-6-2, 3 КО)

Дәурен Елеусінов (Қазақстан, 9-1-1, 8 КО) — Әли Маммадов (Әзірбайжан, 13-4, 3 КО)

Жанқош Тұраров (Қазақстан, 24-0, 17 КО) — Абдумонем Саид (Мысыр, 22-1-1, 11 КО)

Ержан Залилов (Қазақстан, 12-3-2, 6 КО) — Ескендір Харсан (Қазақстан, 9-1, 6 КО)

Иван Дычко (Қазақстан, 10-0, 10 КО) — Александр Устинов (Ресей, 36-5-1, 27 КО)

Данияр Елеусінов (Қазақстан, 10-0, 6 КО) — Хуан Эрнан Леал (Аргентина, 15-1, 4 КО). 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар