Бокс
15 қыркүйек 2021 17:50
 
Данияр Елеусінов IBF рейтингінде үздік он боксшының қатарынан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде үздік он боксшының қатарынан шығып қалды ©instagram.com/eleusinov_daniiar

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде үздік он боксшының қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін тізімде тоғызыншы сатыда тұрған Данияр Елеусінов жаңартылған рейтингте 14-орынға түсіп қалды. Жартылай орта салмақтағы тізімнің көшбасында өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров тұрса, екінші орында америкалық Шон Портер жайғасқан. Үздік үштікті филиппиндік Мэнни Пакьяо түйіндеп тұр. Ал қазіргі уақытта IBF белбеуінің иегері америкалық Эррол Спенс. 

30 жастағы Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылы өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгоны  (23-4, 12 КО) жеңді. Енді ол келесі кездесуін қазан айында өткізуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!