auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр Елеусінов екі экс-чемпионмен қатарынан жекпе-жекке шығады

Данияр Елеусінов екі экс-чемпионмен қатарынан жекпе-жекке шығады
Сурет: Matchroom
Қазақстандық проспект Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) алдағы екі жекпе-жегінде қатарынан екі экс-чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін. Олар үш тұжырымда әлемнің экс-чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) және WBA Regular титулының бұрынғы иегері ресейлік Давид Аванесян (26-3-1, 14 KO). Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиев айтып берді. 

Елеусіновтің промоутері Хирн жыл соңына дейін Аванесян мен өзге клиенті Джош Келли (10-0-1, 6 KO) арасында жекпе-жек өткізуді ойластырып отыр. Алайда британиялық бір себептермен рингке шыға алмаса, промоутер оның орнына Елеусіновті қоймақ еді.

"Бұл сөздер көптен айтылып жатыр, бірақ, біз бірден Индонгоны таңдадық та, сонымен жекпе-жекке дайындалдық. Енді қазір бәрін ауыстырсақ па? Бұл дұрыс емес. Келлиді күтетін біз емес. Келлимен Индонгодан кейін ғана кездесуге болатын шығар. 

Келли кіммен жұдырықтасты? Онымен Британияда кездесу өткізуге болар еді сол жақта қызық шығар, алайда, Данияр АҚШ-та өнер көрсетеді. Сондықтан қазіргі қарсылас - Индонго. Содан кейін, Аванесян. Ал Келли әзірге бұл тізімде жоқ", - дейді Алиев. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама