Қазақстандық Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Нұр-Нұлтанда өткен бокс кешінде жртылай орта салмақтағы IBO белбеуін жеңіп алғаннан кейін алдына жаңа мақсат қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
30 жастағы Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-2, 4 КО) жеңіп, қазақстандық кәсіпқойлардан бесінші болып әлем чемпионы атанған боксшы ретінде тарихқа кірді.
"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған бокс кеші өтіп кетті… Мені қолдап, жанкүйер болғандарыңыз үшін мың алғыс. Енді басқа да белбеулерді қосып алатын мақсат алда… Барша ұйымдастырушыларға Рахмет айтамын!", - деп жазыпты Данияр Instagram желісінде.