Данияр Елеусінов әлем чемпионы

©Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Данияр бірінші минуттан белсенді болып, екінші раундта қарсыласын екі рет есеңгіретті. Ал үшіншісінде аргентиналық тағы бір рет нокдаунға түсті.

Осыған қарамастан, жекпе-жек толық 12 раунд өтті. Оның қортындысы бойынша төрешілер жеңісті Елеусіновке берді. Осылайша, қазақ боксшы жартылай орта салмақта IBO чемпионы атанды. 

Енді Данияр толыққанды чемпиондық белбеу иеленген бесінші қазақстандық боксшы болып отыр. Мұның алдында Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов чемпион болған. 

 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар