Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Даниял 1/8 финалда Кабо-Вердеден келген Леник Фернандеспен кездесті.
Жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.
Жарнама