Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Zuffa Boxing промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың есімдері ұйымның ресми тізіміне енгізілген:
Zuffa Boxing — кәсіпқой боксты дамытуға бағытталған промоутерлік компания. Ол UFC ұйымының басшысы Дана Уайт және Сауд Арабиясы Ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх бастамасымен құрылған. Компанияның штаб-пәтері Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) орналасқан.
Бұған дейін Дана Уайт Zuffa Boxing бренді арқылы кәсіпқой бокс әлеміне шығатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қазіргі боксты ілгерілету жүйесі "бұзылған" және UFC үлгісіне ұқсас орталықтандырылған промоутерлік модельді қажет етеді.