Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы британиялық Дензел Бентли чемпион даумына кедергі етіп отырған үлкен қиындықтарға тап болғанын айтады.
Бентли отандасы Брэд Полсты жеңіп, WBO тұжырымы бойынша Жәнібекке қайтадан міндетті қарсылас атанды. Полспен айқаста Дензел Ұлыбритания мен Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.
Енді британиялық боксшы Жәнібекпен айқас болмай қалса, өзге атақты боксшымен жұдырықтасуға ниетті.Вoxingscene басылымына берген сұхбатында Бентли 2022 жылғы екеуара айқастан кейін Жәнібек еш өзгермегенін, яғни, өспегенін айтады. Ал өзі болса керісінше, тәжірибе мен қосымша дайындық арқасында дағыдалрын күшетіп алған екен.
Бентли Әлімханұлының басты кемшілігі - қажетті деңгейде белсенді болмауы деп ойлайды. Сирек жекпе-жектер керекті физикалық деңгейді сақтап тұруға мүмкіндік бермейді, ал ұзақ үзілістегі боксшы бір орында тапталып қала береді.
Сонымен бірге, Дензел салмақ тастаумен қиындықтар жоғары дивизионға өту керегін білдіретінін айтады."Әрине орта салмақта ол ең мықты. Бірақ ол белсенді емес. Жекпе-жектер арасындағы үзілісі тым ұзақ, ал бұл дамуға кедергі. Ол залға келесі айқасы белгіленгенде ғана келеді де, тек сол жекпе-жекке ғана бар назарын салады. Әлбетте бұл жоғары деңгей көрсеткіші - ол келіп, жаттығады да, нәтиже көрсетеді. Алайда ол біздің рингтегі кездесуімізден кейін өсті ма десеңіз, мен жоқ дер едім", - дейді Бентли.
Дензелдің ойынша, Жәнібек титулдарды қысқа уақытта біріктіруге тырысамын деп қателікке бой алдыруы мүмкін, өйткені белсенділіктің аздығы мен салмақпен кедергілер зиянын тигізбей қоймайды екен."Мен онымен айқасқалы бері, ол тек екі кездесу өткізді. Мұндай төмен белсенділікпен қалай дамисың? Салмақ тастаумен қиындықтары болса, жаттығу залына үнемі бармайтынын білдіреді. Салмақ лимитіне жету үшін есінен танып қалғанға дейін жеткені бар. Бұл оның қазіргі салмақтан өсіп кеткенін көрсетіп отыр", - дейді британиялық.
"Егер ол жоғары салмаққа өтсе, мүлде басқа Жәнібекті көруіміз мүмкін - қуаты артқан және күші мол. Бірақ қазір ешқандай жақсы өзгеріс көрген жоқпын. Ол салмақ арасында тұрып қалғандай, бұл оның дамуын тежеп тұр. Ол титулдарды жылдам біріктіргісі келеді, бірақ, бұл қауіпті, өйткені осыған асығып қателікке ұрынуы ғажап емес".