Дамир Әбдіқадір Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
51 келі салмақтың финалында жерлесіміз 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша өзбек былғары қолғар шебері жеңіске жетті. Осылайша, Дусматов кіші әлем чемпионатының алтын медалін иеленіп отыр. Хасанбой Дусматов осыған дейін жартылай финалда Тимур Қабдешовты жеңген еді.
Бүгін сонымен қоса финалда Назым Қызайбай, Дина Жоламан және Ляззат Күнгейбаева ринг төріне шығады.