auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Дәл тиді де, ісін аяқтады". Қазақстандық боксшы 57 секундтық нокаутқа қатысты

Қазақстандық боксшылар Канадада қарсыластарын нокаутпен жеңді.

"Дәл тиді де, ісін аяқтады". Қазақстандық боксшы 57 секундтық нокаутқа қатысты
Абылайхан Құсайынов. © Eye of the Tiger Management
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО) қарсыласы Хесус Лагунаны қалай жеңгенін айтып берді және 20 жастағы отандасы Садриддин Ахмедовтың (4-0, 4 КО) жылдам нокаутына қатысты пікір білдірді.

Екі қазақстандық жұдырықтасқан бокс кеші Канаданың Монрель қаласында өткен.

Головкин командасындағы қазақстандықтың жылдам нокаутының видеосы

- Қарсылас ыңғайсыздау болды, өйткені бірден алға жүрді. Ондайды күтпедім. Алғашқы раундты бағдарлап, жұмыс істеп, асықпай аяқтадым. Екінші раундта шабуылға көштім - басына бірнеше рет дөп тиіп, бауырдан соққы жасадым. Соққы дәл тиді - ол тұра алмай қалды. 

- 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысқаныңда мұндай "рекордқа" жету мүмкін екен деп ойладың ба?

- Құдайдың қалауымен. Бізге талмай жаттығып, еңбектену ғана керек. 

- Ендігі жоспар қандай?

- Келесі жекпе-жек желтоқсанда болатын шығар. Ары қарай жаттығып, ілгерлей береміз. Әлем чемпионы болу мақсатына жылжып келеміз. 

- Садриддин Ахмедов командаға сіңісіп кетті. Оның 57 секундтық нокауты туралы не айтасың?

- Өз жұмысын жасады: жақсы соққысын өткізді де, қарсыласын жібермей ісін аяқтады. 

Айта кетейік, 20 жастағы Садриддин Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозаны жеңіп, нокаутпен аяқтаған жекпе-жектер санын төртке жеткізді. Осы арқылы ол рейтингте айтарлықтай көтерілді
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар