Дағыстандық боксшы ӘЧ-дегі бірінші айқасында қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

©Видеодан жасалған скрин

Ресейлік боксшы Шарабутдин Атаев 86 келі салмақта Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалдық жекпе-жектің екінші раундында ол литвалық Тадас Тамашаускасты нокаутқа түсірді. Ал 1/4 кезеңге өту үшін Атаев украиналық Сергей Горшков пен қырғызстандық Адылбек уулу Эркин арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport