Чепиондар лигасы финалы ауыстырылуы ықтимал

©

Футболдан биылғы Чемпиондар лигасының финалы Ыстанбұлда өтпеуі мүмкін. Daily Mail басылымы хабарлағандай, Түркиядағы сайлауға байланысты ойын кезінде жаппай тәртіпсіздіктер болуы ықтимал.

Финалдық ойын Ыстанбұлдан Португалияның Лиссабон қаласына ауыстырылуы мүмкін деген де ақпараттар тарауда.

Айта кетейік, биылғы финал 10 маусым күні Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы Олимпиада стадионында өтеді деп жоспарланған.

Жартылай финалдағы бірінші ойындар өтіп үлгерді. "Реал" мен "Манчестер Сити" Мадридте 1:1 есебімен тең тарқасса, "Милан" 0:2 есебімен "Интерге" жол берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар