Америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) менеджері Эд Фаррис Fight Freaks Unite баслымына берген сұхбатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жек неге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібекке титулды ресми бере ме? WBO әлем чемпионына қатысты шешім шығарды
"Орта салмақта оған жарқын болашақ жоқ. Біз WBC чемпионы Джермалл Чарло, Хайме Мунгия, Крис Юбенк және Билли Джо Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға тырыстық, ешкім келіспеді. Бұл дивизионда үлкен айқас өткізе алмадық. Енді ол екінші орта салмақта "уақытша" чемпион атағы үшін жұдырықтасады. Қапзіргі жағдайда оған орта салмақ лимитін орындау да қиын, Андрадеге Әлімханұлымен айқасудың мәнісі жоқ", - дейді Фаррис.
Инсайдер Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы етіп жарияланғанын хабарлады