Бокс
19 қазан 2022 13:42

"Чемпиондықтан бас тартып...". Сарапшы Головкинге орынды кеңес берді

©instagram.com/gggboxing

Boxingnews24.com шолушысы Брайан Уэббер қазақстандық Геннадий Головкинге белбеулерінен бас тартып, өзге боксшылармен табысы мол айқас өткізу керек деп есептейді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин алдымен Фалькаомен айқасады, ол IBF белбеуіне міндетті үміткер. Ал жеңімпаз WBA "регуляр" титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығады. 

"40 жастағы Головкин IBF және WBA титулдарына қатысты бір шешімге келу керек. Өйткені міндетті екі қарсыласпен де жекпе-жек оңайға түспейді және DAZN-мен келісімшарттағыдай мол табыс бермейді.

Головкин белбеулерді сақтап қалғысы келсе де бокс сүйер қауым оның 39 жастағы Лара немесе аты шықпаған Фалькаомен айқасын тамашалағысы келмейді. 

Оның орнына Головкин чемпиондық белбеулерді босатып, одан кейін WBC титулына ие Джермалл Чарло немесе Крис Юбенкпен айқаса алады. Бұл қазақстандық боксшыға жақсы ақша әкеледі, жеңіліп жастса да бүкіл әлем білетін танымал боксшылардан жеңіліс табады. 

Головкин "Канеломен" айқастан кейін неге карьерасын аяқтамағаны түсініксіз, өйткені 160 фунтта Джермалл Чарломен жекпе-жектен басқа оған істейтін ештеңе жоқ, алайда, таяқ жемеу үшін оған да келіспес. 

Егер Головкин зейнетке кеткісі келмесе, екінші орта салмақта оған Давид Бенавидеспен жекпе-жек дұрыс болады", - дейді Уэббер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport