Чемпиондыққа бір қадам! Батыр Жүкембаевтың Лас-Вегастағы айқасы Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Сурет: Eye of The Tiger Management©

"Хабар" арнасы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың 29 мамыр Лос-Анджелестегі жекпе-жегін тікелей көрсетеді. 

Батыр АҚШ-тағы алғашқы айқасында пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу IBF ұйымының жарыс бағдарламасына кіреді, оның жеңімпазы әлем чемпионына міндетті қарсылас болады.

Бокс кеші Қазақстан уақытымен 30 мамырда өтеді. Басталуы 08:00.

Батыр кейінгі рет рингке 2020 жылдың қаңтарында Монреальда шығып, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақ боксшы бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғап қалды.