Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 2021 жылғы жекпе-жектерге қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, GGG рингке тек желтоқсанда оралады. Бұл кезде ол WBA Super титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) белбеулер біріктіретін айқас өткізеді. Бұл кездесу шамамен 28 желтоқсан Сайтамадағы (Жапония) Saitama Super Arena стадионында болады.
Бастапқыда боксшылар тамыз-қыркүйекте аралық жекпе-жектер өткізіп алмақ болған, алайда, кейін бұл ойдан айынп қалғанға ұқсайды. Басты себеп - титул біріктіретін айқасқа бөгет болуы мүмкін жарақат алып қалмау.
Әзірге Головкин - Мурата жекпе-жегі шарттарды келісу деңгейінде.