Бокс
18 ақпан 2019 15:38
 
"Чемпиондық жекпе-жектерге бір табан жақын". Жүкембаев АҚШ-тағы жаттығулары туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

"Чемпиондық жекпе-жектерге бір табан жақын". Жүкембаев АҚШ-тағы жаттығулары туралы айтып берді Суретті боксшының командасы ұсынды

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (14-0, 12КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында 16 наурыз Канаданың Монреаль қаласында өтетін жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді. 

"Жаттығу үшін неге Нью-Йоркті таңдадық? Біріншіден Канадамен калиматы ұқсас. Бейімделіп қажет емес. Өзімді үлкен жекпе-жектерге бір табан жақын екенімді сеземін, АҚШ-тағы чемпиондық жекпе-жектерге. Мұны бала кезден армандадым.

Келесі жекпе-жегім Канадада болғанымен, Нью-Йоркте жаттығу бізге пайдалы. Сонымен қоса, Бруклинде қызықты әрі бәсекелес спарринг серіктестер көп. Түрлі стилдегі бірнеше тәжірибелі боксшылармен спарринг өткіздім. 

Жеке бапкерім Қанат Алтаевпен өткен жекпе-жекке қатысты сараптама жасап, қорытындылар шығардық, енді жұмыс істеп жатырмыз. Соққы техникасын жақсартып жатырмыз, агрессия мен қозғалыс көбірек, қорғанысты да жетілдірудеміз. Қарсылас жақында белгілі болады", - дейді Жүкембаев. 

Айта кетейік, 27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі алдағы бокс кешіндегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды.

Жарнама

Живи спортом!