"Чемпиондық айқасқа құқылы". Америкалық сарапшы қазақ боксшы туралы

©Suleimen Promotions

Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-0, 11 КО) екінші орта салмақта WBA чемпионы кубалық Давид Морреллге (6-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Бұл айқас биыл көктемде өтуі ықтимал. Траптар келіссөз өткізіп жатыр, ал қазақ боксшы дайындығын бастап кетті. 

"Бұл ақырындап шыңға көтеріліп келе жатқан боксшы. Кейінгі кездесулерін мықтырақ қарсыластармен өткізді. Ол чемпиондық жекпе-жекке шығуға құқылы, ал бұл кездесу осы жылы өтетінге ұқсайды. Қазақстандық боксшы ынталы әрі шыдамды. Ол сәттілікке жете алады. Бастысы алған бетінен қайтпау. Морреллмен айқаста оның жақсы мүмкіндігі бар. Айдос оны жеңе алады", - дейді МакКаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар