Чемпиондық айқас кардында. Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгіленді

30 қыркүйек 2021 10:05
© instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Стив Кимнің ақпараты бойынша, Жәнібек 5 қараша Лас-Вегаста рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Әлімханұлы Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде өнер көрсетеді деп жоспарланған, ал бұл шодуың басты айқасында екінші жартылай жеңіл дивизионда WBO чемпионы Микаэла Майер (15-0, 5 КО) мен IBF титулына ие Майва Хамадуш (22-1, 18 КО) жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport