Чемпиондық айқас ауыр нокаутпен аяқталды

©Eurosport

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен бокс кешінде жеңіл салмақта IBO белбеуі үшін Лиам Дэйвис (16-0, 8 KO) пен мексикалық Эрик Роблес (15-2, 9 KO) жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.

Екінші раундта Дэйвис қарсыласын апперкотпен құлатты. Роблес тұрып айқасты жалғастырғанымен, ары қарайғы бір жақты сабаудан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Дэйвис 16 рет нокаутпен жеңіске жетті. Ал Роблес екінші рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар