Чемпиондығын қорғайтын Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік желіде кезекті пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Твиттер" желісінде қазақ боксшы британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) айқасқа арналған ресми емес постер жариялап, жеңіске жететіне сенімділік білдірді: "Оңай жұмыс!". 

Еске салайық, бұл жекпе-жек 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort спорт кешенінде өтеді. Әлімханұлы бұл айқаста орта дивизиондағы WBO белбеуін алғаш рет қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport