Шалқадан түсірді. Бокс кешінің басты айқасы нокаутпен бітті
АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешінің басты айқасы сенсациямен бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы Себастьян Фундора (20-1-1, 13 KO) мен 29 жастағы Брайан Мендоса (22-2, 16 KO) арасындағы жекпе-жек бірінші орта салмақ лимитінде өтіп, 12 раундқа есептелген болатын. Алайда жетінші раундта Фундора нокаутқа түсіп қалды.
Негізі Себастьян фаворит есептелген еді, оның үстіне бастапқы раундтарды оның басымдығы болды. Бірақ жетінші раундта қарсыласына жөнсіз жақын келіп, нокаутқа түсіп қалды. Осылайша, ол WBC ұйымының уақытша чемпионы атағынан айрылды.
UNBELIEVABLE!@LaBalaMendoza does it again, stunning Fundora with a wild 7th-round knockout!#FundoraMendoza pic.twitter.com/MWnhzoc2v6
— SHOWTIME Boxing (@ShowtimeBoxing) April 9, 2023
Жарнама