Жартылай жеңіл салмақтағы жапониялық Хаято Цуцуми (5-0, 2 КО) әлемнің экс чемпионы панамалық Ансельмо Мореноны (43-7-1, 15 КО) нокаутпен жеңді, деп жазады Vesti.kz.
Токиодағы Korakuen Hall аренасында өткен жекпе-жектің үшінші раундында Цуцуми қарсыласын үш рет құлатады, осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатты. Осылайша, жапониялық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Алайда Цуцуми жекпе-жек алдында салмақ лимитін орындамай, тараптар аралық салмақта жұдырықтасуға келіскен еді.
Дегенмен Жапонияның бокс кеңесінің қаталдығын ескерсек, Цуцуми салмақ лимитін орындамағаны үшін бокстарн шеттеледі.