Чемпиондардан бірінші Головкинді сұлатам деген 22 нокауты бар боксшыны GGG-дің бапкері орнына қойды

Сурет: RingSide24
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс осы дивизионда WBA титуылна ие кіші Криса Юбенктің (29-2, 22 КО) айтқанына қатысты пікір білдірді. 

Британиялық боксшы GGG-ді жекпе-жекке шақырып, нокаутпен жеңетінін айтқан еді. 

"GGG тізімде бірінші". 22 нокауты бар британиялық чемпион Головкинді сұлатып түсіретінін айтты

"Білуімше Юбенкке біраз уақыт бұрын Головкинмен жұдырықтасу ұсынылған. Ол бас тартқан болатын. Енді ол қайтадан жекпе-жекке шақырып отыр. Сұрағым келгені: Ол бізге не ұсына алады? Юбенкке құрметсіздігім емес, рас айтам. Боксшыларға барынша құрметпен қарауға тырысам. Бірақ Геннадий менен "кіммен жұдырықтасу керек" деп сұраса, менің жауабым "айқасқа не тігілген? Біз не ұсына аламыз?", - дейді бапкер IFL TV арансына берген сұхбатында.