"GGG тізімде бірінші". 22 нокауты бар британиялық чемпион Головкинді сұлатып түсіретінін айтты
"Білуімше Юбенкке біраз уақыт бұрын Головкинмен жұдырықтасу ұсынылған. Ол бас тартқан болатын. Енді ол қайтадан жекпе-жекке шақырып отыр. Сұрағым келгені: Ол бізге не ұсына алады? Юбенкке құрметсіздігім емес, рас айтам. Боксшыларға барынша құрметпен қарауға тырысам. Бірақ Геннадий менен "кіммен жұдырықтасу керек" деп сұраса, менің жауабым "айқасқа не тігілген? Біз не ұсына аламыз?", - дейді бапкер IFL TV арансына берген сұхбатында.