Бүгін бокстан Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының үшінші жарыс күні. Шаршы алаңға алты бірдей боксшымыз шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кезеңде Қазақстан боксшыларына бірқатар мықты қарсыластар түсті. Соның ішінде Фарух Тоқтасынов жапониялық Сэвон Окадзавамен кездеседі. Қарсыласы 2021 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем біріншілігінің финалисі, Олимпиада ойындарының (2020) қатысушысы және Азия ойындарының чемпионы.
Ал Наталья Богданова түркиялық Бусеназ Сюрменелимен жұдырықтасады. Түрік қызы Олимпиада чемпионы (Токио-2020), үш дүркін әлем чемпионы және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Жаңа салмақта бақ сынап көрмек. Наталья да өз салмағында әлем чемпионы атағына ие. Чемпиондар шайқасы болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күндізгі сессия 19:00
54 келі. Назым Қызайбай vs Виктория Рогалинска (Польша)
70 келі. Фарух Тоқтасынов vs Севон Оказава (Жапония)
Кешкі сессия 1:00
60 келі. Виктория Графеева vs Емили Рзаева (Әзербайжан)
70 келі. Наталья Богданова vs Бусеназ Сюрменели (Түркия)
50 келі. Даниал Сабит vs Иштван Шзака (Мажарстан)
80 келі. Диас Молжігітов vs Марлон Севехон (Аустралия)
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогы 26 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан жарысқа 16 боксшы алып барды.
Қайдан көруге болады?
Турнирдің толық трансляциясы Panam Sports арнасының ресми сайтында көрсетіледі.
Сондай-ақ жекпе-жектерді Бразилия бокс конфедерациясы да тікелей эфирде таратады.
Жарнама