Брук 14 ай үзілістен кейін 8 ақпанда Шеффилдте америкалық Марк Делуканы (24-2, 13 КО) нокаутқа түсірген еді. Жекпе-жек бірінші орта салмақ лимитінде өтті.
Хирннің сөзінше, Бруктың келесі жекпе-жегіне қарсылас ретіде үш боксшы қарастырылып отыр: WBA (Super), IBF және IBO чемпионы доминиканалық Хейсон Росарио (20-1-1, 14 КО), WBO титулына ие бразилиялық Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) және орта салмақтан түсуге дайын британиялық Лиам Смит (29-2-1, 16 КО).
Брук - Делука жекпе-жегін Лиам Смит рингсайдтан (бірінші қатар) тамашалаған. Оның ісін де Хирн жүргізеді. Оның үстіне Росарио мен Тейшейра келісімшарт бойынша қарымта мен титул қорғауға міндетті болғандықтан, Брукпен келесі кездесуде Смит жұдырықтасарына ықтимал жоғары.
Хирн Энтони Джошуа мен Александр Усик сияқты әлем чемпиондарының да ісін жүргізеді.
Айта кетейік, 2016 жылы қыркүйекте Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңілген. Смит те Сауль "Канело" Альвареспен (53-2-1, 35 КО) жекпе-жекте нокаутқа түсіп, бірінші орта салмақта WBO белбеуінен айырылған. Бұл оның алғашқы жеңілісі еді.