Чемпион салмақ өлшеуде жаппай төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта талдырды

©Boxing News 24

Америкалық боксшы Хосе Сепеда (35-2, 27 KO) бірінші раундта Пуэрто-Рико өкілі Хосуэ Варгасты (19-2, 9 KO) нокаутқа түсіріп, WBC титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Супер жеңіл салмақтағы (63,5 келі) кездесу бірінші раундта аяқталды. Бұл Варгастың карьерасындағы нокаутпен алғаш жеңілуі болды.

Айта кетейік, салмақ өлшеу кезінде боксшылар жаппай төбелес шығарды, vRINGe.com мәліметінше, бұл оқиға үшін Сепеда ғана жазаланды, оның бапкер ағасы шеттелді. "Түсініксіз шешім, өйткені жанжалды шығарған Варгас", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport