Чемпион кіші ӘЧ-дегі Қазақстанмен даулы жекпе-жек туралы айтты

Әзірбайжан чемпионы Наби Искендеров azerisport.com басылымына берген сұхбатында Странджа Кубогі туралы ойын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әзірбайжан чемпионы Наби Искендеров azerisport.com басылымына берген сұхбатында Странджа Кубогі туралы ойын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгария астанасында өткен турнирдің жартылай финалда 67 келдіе өнер көрсететін Искендеров қазақстандық Төрехан Сабырханнан төрешілердің бөлек шешімімен жеңілген болатын - 2:3.
Нокдаун болды. Төреханның кіші ӘЧ-дегі айқасы рингте дау тудырып жіберді
Мұндай шешім әзірбайжандықты таңдандырып, ол тіпті айқастан кейін Төреханның қолын алмай қойды.
"Бұл турнир әлем чемпионатына дайындық сияқты. Бұл жарыста оқу-жаттығу жиыны бізге не бергенін сынап көрдік. Тек жартылай фианлда төрешілер қате шешім шығарып, мен жеңіліске тап болдым. Қалай дегенмен ол жерде алтын алмасам да, ештеңе жоғалтқан жоқпын. Бұған дейін айтқандай, басты мақсат - әлем чемпионаты. Алда тағы бір оқу-жаттығу жиыны бар. Содан кейін Бакуде өтетін "Ұлы жібек жолы" турниріне қатысамын. Ал әлем чемпионаты шамамен мамыр соңы мен маусым басына жоспарланған", - дейді Искендеров.
Еске салайық, финалда Төрехан тағы бір әзірюайжандық боксшы Заур Гахрамановты жеңіп, алты жүлде иеленді. Сонымен қоса, Төрехан турнирдің үздік боксшысы атанды, бұрын-соңды ешбір қазақстандық бұл турнирде ондай атақ алмаған.
Жарнама