Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек карьерасындағы басты мақсат болмағанын айтады, деп хабаралйды "Чемпионат".
"Адамдар "Канело" мықты боксшы деп есептейтін, бірақ, мен де осал емеспін. Жартылай ауыр салмақта кімді болсын жеңуге шамам жетеді. Жылдамдығым жақсы. Адамдар "Канело" менен жылдам деп есептейтін.
Бұл айқас мен кәсіпқойға өткеннен кейінгі арманым емес еді. Бұл менің мақсатыма деген үлкен қадам ғана - әлемнің абсолют чемпионы атану жолында", - дейді Бивол.
Бивол келесі жекпе-жегін мексикалық Хильберто Рамиреспен 5 қараша Абу-Дабиде өткізеді.