"Чемпион болады". Эдди Хирн Елеусіновке титулды жекпе-жек ұйымдастыру жайлы

© topclassboxing.co.uk
Matchroom Boxing компаниясының басқарушы директоры және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстадыққа әуесқойдан кәсіпқойға икемдену оңайға соқпағанын айтады.

Сонымен бірге, британиялық маман қазақ боксшының дамып келе жатқанына ризалығын білдіріп, келесі жылы титулды жекпе-жек ұйымдастыруға тырысатынын айтты.

"Данияр ілгерлеп келеді. Әуесқойдан кәсіпқой боксқа икемделу оңай емес. Оған өзгеру қиынға соқты. Дегенмен Нью-Йорктегі соңғы жекпе-жек жақсы өтті. Ол жекпе-жек сайын жақсы қарсыластарға қарсы мықты болып келеді. Ал рингте аман қалғысы келетін боксшымен жекпе-жек тартымсыз. Мықты қарсылас - бұл бөлек әңгіме. Данияр чемпион болады деген үміттемін. 2020 жылы осындай жекпе-жек мүмкін болатын шығар", - дейді Хирн.