Бокс
11 маусым 12:42
 

Чемпион Әлімханұлымен айқасқа қатысты келіссөз жүріп жатқанын жоққа шығарды

  Пікірлер

blog.share

Чемпион Әлімханұлымен айқасқа қатысты келіссөз жүріп жатқанын жоққа шығарды ©Fight.ru

Орта салмақта WBA чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке қатысты келіссөздер туралы ашығын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBA чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке қатысты келіссөздер туралы ашығын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Адамеспен жекпе-жекті көптен бері күтіп жүр. Әлімханұлының пікірінше, Адамес одан қашып жүр. Жақында Жәнібек осы айқасқа дайындық басталғанын хабарлады.

Соған қарамастан, доминикандық жанкүйерлерге нақты ештеңе жоқ екенін айтты.

"Мен менеджеріммен сөйлестім, ол бұл туралы ештеңе айтпады.

Қазірге жоспарланған ештеңе жоқ. Қандай да бір жаңалық болса, мен сіздерге хабарлаймын", – деп жазды Адамес X әлеуметтік желісінде.


Айта кетейік, Әлімханұлына IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Жәнібек кейінгі рет рингке 5 сәуір күні Астанада шықты. Ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал Адамес соңғы жекпе-жегін 22 ақпанда өткізді. Доминикандық WBC титулын жеңілмеген британдық Хамза Ширазға (21-0, 17 КО) қарсы қорғап, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!